USD
USD
USD

Митинг туралы заң жобасы Мәжіліске қайтарылды

Бейбіт жиынға қатысушылар бетперде тағуына болады, деп хабарлайды «Хабар 24». Заң жобасындағы бетті бүркемеу керек деген норма алынып тасталды.

Митинг туралы заң жобасы Мәжіліске қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенаторлардың айтуынша, адам денсаулығына байланысты қорғаныш құралын пайдалануы мүмкін. Бүгін Сенат «бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын түзетіп, Мәжіліске кері қайтарды. 6 бап бойынша 16 ұсыныс енгізілді.  Бұл өзгерістер бейбіт жиналысты ұйымдастырушының міндеті мен қатысушыға тыйым салатын нормаларға қатысты енгізілген. Заң жобасы қоғамда ұзақ талқыланды. Қолданыстағы заңда митинг пен пикеттің және өзге де жиындардың ара жігі ажыратылмаған. Ал жаңа жобада жіктеп жазылған. Атқарушы органдардан рұқсат алу тәртібі де жеңілдеді. Демонстрация мен шерулер кезінде ғана белгілі бір талаптар қойылуы мүмкін. Ал бейбіт жиынды өткізуге арнайы орындар бекітіледі.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.