Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Митинг өткізетін орындар белгілі болды

Алматы қаласының мәслихаты қалада бейбіт жиындарды ұйымдастырып, өткізетін орындарды бекітті.

Митинг өткізетін орындар белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасында бейбiт жиындар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» жаңа заң 6 маусымда күшіне енді. Осыған байланысты сессия шешіммен митинг өткізу үшін арнайы 3 орын және шеру мен демонстрация үшін бірнеше бағыт белгіленді.

Митинг өткізетін орындар: Махатма Ганди атындағы саябақ; «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы гүлзар; «Шоқан Уәлиханов» атындағы гүлзар; Шеру мен демонстрация өткізетін бағыттар: «Шоқан Уәлиханов» атындағы гүлзардан бастап Шевченко көшесінің бойымен Махатма Ганди атындағы саябаққа дейін. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңның 9 бабының 5 тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтары кемінде 150 метр арақашықтық шекарамен айқындалды.

Шешім Конституцияда белгіленген Қазақстан азаматтарының бейбiт әрi қарусыз жиналу, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шеру және пикеттеу өткізу құқығының іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгін Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс 63-сессиясында бұл жоба мақұлданып, Алматы қаласының Әділет басқармасына тіркеуге жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық сараптама орталығы бірдей қызметке әртүрлі баға ұсынған

заңбұзушылық

Қазақстанға Иран жақтан аптап ыстықтың кезекті толқыны келе жатыр

ауа райы болжамы

Қостанайда қызылша жұқтырғандар саны 17 есеге жуық өсті

Қыщылша

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі қашан және қайда жарияланады?

Мемлекеттік білім гранты