USD
USD
USD

Мысырлық ұшақ Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болды

Мысырлық ұшақ бортында өрт тұтану қаупіне байланысты Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мысырлық ұшақ Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болды
Фото: NEGE.kz

Ақтөбе, NEGE. Азаматтық авиация комитеті бүгін таңғы 4 сағат 32 минутта Египеттің Red Sea әуе компаниясының Боинг 737 ұшағы Шарм-Эль-Шейх-Астана бағытында ұшып бара жатып, Ақтөбе әуежайына қонуға мәжбүр болғандығын хабарлады.

«Экипаж мүшелері ұшақ бортында өрт тұтануы мүмкін деген қауіппен Ақтөбе әуежайына қону қажет деген шешім қабылдаған. Ұшақтың 184 жолаушысы мен 10 экипаж мүшесін Ақтөбе әуежайында апаттан құтқару командасы мен медицина мамандары күтіп алды. Экипаж мүшелері бортта өрт болмағанын айтты. Жолаушылар денсаулық жағдайына шағымданған жоқ», деп мәлім етті Азаматтық авиация комитетінің өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде менеджер басшылықтың жоқтығын пайдаланып, жалған сенімхатпен пәтерлерді қайта сатқан

көпқабатты тұрғын үй

Министр Сәденов олигарх Рашид Сарсеновтің «крышасы» ма?

.

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша