USD
USD
USD

Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

11 қаңтар күні Қазақстанға Швейцария, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстан елдеріне 10 халықаралық әуе рейсі ұшып келді.

Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, бір тәулікте барлығы 1 085 жолаушы ұшып келген. Олардың 922-сінде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болса, 163-інде анықтама болмаған, олардың барлығы да ҚР азаматтары.

Атап айтқанда, Алматы қаласының әуежайына – жалпы 6 рейс ұшып келген, барлығы – 721 жолаушы, оның ішінде анықтамамен - 581, анықтамасыз - 140; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 223 жолаушы, анықтамамен – 202, анықтамасыз - 21; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 140 жолаушы, анықтамамен – 138, анықтамасыз - 2; Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді.

«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ мәлісм етілгендей, 10 қаңтар күні анықтамасыз ұшып келген 372 жолаушының ПТР-тест нәтижесі дайын болған.

Оған сәйкес, Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсінің 1 жолаушысынан коронавирус инфекциясы анықталды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.