USD
USD
USD

Мысырда Сұлтан Бейбарысқа қатысты көне жәдігер табылды

 Мысырда Сұлтан Бейбарыс медресесі қақпасының еш жерде жарияланбаған суреті табылды.

Мысырда Сұлтан Бейбарысқа қатысты көне жәдігер табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сүйінші хабарды Қазақстанның Мысырдағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф Facebook-парақшасында жазды. «Сүйінші, ағайын! Сұлтан Бейбарыс медресесінің әшекейлі қақпасының суреті табылды. Мысырлық мәмлүктанушылар бұрын-соңды әлеуметтік желілерде жарияланбаған аз-Захария медресесі қақпасының суретін тауып берді. Осы үшін Имад Осман Махран бастаған мәмлүктанушыларға және Мысырдың Көне ескерткіштер мен туризм министрлігінің қызметкерлеріне шексіз алғысымды айтамын», - деп жазды дипломат.

Елшінің айтуынша, 1262 жылы Айн Жалұт шайқасынан жеңіспен оралған Сұлтан Бейбарыс Каирде теңдесі жоқ жаңа үлгідегі медресе салып, оның бас қақпасын Каирдің қолөнер шеберлеріне жасатқан. «Қақпаның маңдайшасында «Моңғол-татар басқыншылары мен кресшілерге Мысыр жерін бастырмаған әл-Мәлик аз-Заһир Рүкн ад-Дин Бейбарыс» деп жазылған. Көне Каир шаһарының төрінде осындай әшекейлі Жеңіс қақпасын орнатқан Сұлтан Бейбарыстың сәулет өнеріндегі талғамы зор болғанын айғақтайды», - деп жазды Қайрат Лама Шариф.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

.

Шымкентте мүгедектігі бар әйел туыстарының кесірінен баспанасыз қалған

.

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана