USD
USD
USD

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Мысырдың Гиза провинциясында жанармай таситын көлік қатысқан жол апатынан 31 адам қаза тауып, тағы 21 адам жарақат алды. Өрт салдарынан 27 автомобиль мен мотоцикл жанып кеткен.

Оқиға орны
Фото: Ali Mohamed97/x.com, видеодан кадр

Астана, NEGE. Ahram Online ақпаратынша, қайғылы оқиға 25 қарашада Гиза провинциясындағы әл-Варрак ауданында, айналма тасжолда болған.

Мысыр прокуратурасының мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі сағатына 110 шақырым жылдамдықпен келе жатып, басып озу кезінде жанармай таситын жүк көлігіне соғылған. Соққыдан кейін жүк көлігі аударылып, төгілген жанармай тұтанған. Жалын айналадағы көліктерге таралып, 27 автомобиль мен мотоциклді шарпыған.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, апат салдарынан 31 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алған. Оқиға орнына 39 жедел жәрдем бригадасы жіберілген.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, жеңіл көлік жүргізушісі ұсталды. Қазір апаттың мән-жайы тергеліп жатыр.

Мысыр премьер-министрі Мұстафа Мадбули қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Соның ішінде ел Үкіметі банктік инвестициялық сертификаттар беруді, ал өртенген көліктердің иелеріне жаңа автомобиль ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл көмекті көрсетуге мемлекеттік органдармен қатар азаматтық ұйымдар мен кәсіпкерлер де қатыспақ.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция

Қашағанның активтеріне салынған шектеудің бір бөлігі алынды

Қашаған

Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланды

Студент қыз

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу