USD
USD
USD

Мысыр азаматтары Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен

Көлік полицейлері Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен екі Мысыр азаматын ұстады.

Мысыр азаматтары Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 17 қарашада Петропавл теміржол вокзалында Алматы-Петропавл бағытындағы пойыздың жолаушыларын тексеру кезінде екі ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жеткізілген ер адамдардың жеке басын тексеру нәтижесінде олардың Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен 21 және 28 жастағы Мысыр азаматтары екені анықталды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту"). Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе