USD
USD
USD

Мирзияевтің күйеу баласы да басшы

Өзбекстан президенті Мирзияевтің күйеу баласы Отабек Умаров Орталық Азия ММА конфедерациясының басшысы болып сайланды.

Мирзияевтің күйеу баласы да басшы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа ұйым құру және оның басшысы ретінде Умаровты тағайындау туралы шешім Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының Нұр-Сұлтанда (International Mixed Martial Arts Federation – IMMAF) 6-8 ақпанда өткен кеңесінде қабылданды.

Конфедерация вице-президенті қызметіне IMMAF директорлар кеңесінің мүшесі Искандер Карим мен Қазақстандық ММА бірлескен федерациясының бас директоры Валихан Тен сайланды.

Орталық Азия ММА конфедерациясы Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің ММА ұлттық федерацияларының басын біріктіреді. Конфедерация штаб-пәтері Өзбекстанда орналасады.

Отабек Умаров президент Шавкат Мирзияевтің қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарады. 2019 жылы қарашада ол Өзбекстан ММА федерациясы президенті болып тағайындалды, ал бұның алдында ол Өзбекстан триатлон федерациясының төрағасы болып сайланған.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.