USD
USD
USD

Мирзияев Сардоба бөгетінің жарылуынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 13 қазанда Сырдария облысына барып, Сардоба бөгетінен зардап шеккен ауылдардың тұрғындарымен кездесті.

Мирзияев Сардоба бөгетінің жарылуынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сардоба ауданындағы Дустлик махалласында 37 үй, Мирзаабад ауданындағы Хакикат махалласында 40 үй, Акалтин ауданындағы Навбахор махалласында тоғыз үй тұрғызылды. Мирзияев әуелі Хакикат махалласында болды.

"Су тасқынының зардабы көп болды. Бізге апат салдарын жойып, тұрғындардың тіршілігін қайта жақсарту керек болды. Мұндай міндет кез келген мемлекеттің қолынан келе бермейді. Біз зардап шеккендердің бәрімен сөйлестік. Суық түспей оларды баспанамен қамтамасыз ете алдық. Халық риза", - деді Мирзияев.

Бұның алдында Сардоба ауданының бір топ тұрғыны үкімет уәде еткен өтемақы алмағанын журналистерге хабарлаған.

Ресми мәлімет бойынша, 1 мамырда бөгеттің жарылуынан Сардоба, Акалтин және Мирзаабад аудандарында 2 570 үй, 76 көп пәтерлі үй жарамсыз болып қалды.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы