USD
USD
USD

Мирзияев одақтан бас тартпақ

Шавкат Мирзияев Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіру мәселесіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Kun.uz.

Мирзияев одақтан бас тартпақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Интеграция туралы пікір айтуға рұқсат етіңіз. Біздің көптеген азаматымыз шет елдерде жұмыс істейді. Қазақстан мен Ресей. Біз бұған немқұрайды қарай алмаймыз. Бір нәрсені біліңіз. Ешкім ешқашан ешкімге тәуелсіздікті бермейді. Тәуелсіздік ел сенетін Президенттің қолында. Біз бұл одақтың мүшесі болмаймыз», –  деді Шавкат Мирзияев. Өзбекстан басшысы елде екі миллиард долларға жеміс-жидектер мен көкөністерді өңдеу процесі басталғанын айтты. «Дайын өнімді қайда жібереміз. Кім бізді күтіп тұр? Дұрыс, Еуропада қымбат, бірақ стандарттар жасау керек», – деді ол.

Шавкат Мирзияев өзінің бақылаушы екенінғ яғни мүшесі емес екенін атап өтті. «Біз қандай артықшылықтары мен кемшіліктері барын көреміз. Біз Владимир Владимировичпен Санкт-Петербургте көптеген мәселе бойынша келісімге келдік. Не істесек те біз ұлттық мүддені ескере отырып істейтінімізге сенімді болыңыздар», – деп түйіндеді Өзбекстан президенті. Сенат төрағасының бірінші орынбасары Садық Сафаев Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мәселесін үш жылдан бері зерттеп келе жатқанын айтты. 

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель