2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Мырзакентте жаңа 500 үй салынады

 Мақтаарал ауданының орталығы – Мырзакентте жаңадан 500 үй салынады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Өзбекстан Төтенше Жағдай Министрінің бірінші орынбасары Абдулло Кулдошев және Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Мырзакентте жаңа 500 үй салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдары толықтай осында көшіріледі. Мырзакенттегі құрылысқа 50 гектар жер бөлінген. Жиында ресейлік кәсіпкер Әлішер Усмановтың су тасқынынан зардап шеккен халыққа 5 млн 202 мың АҚШ долларын аударғаны айтылды. Бұл қаражат эвакуацияланған 5202 отбасының жеке шоттарына түседі. Сондай-ақ қорға отандық кәсіпкерлерден 160 млн теңгедей жиналған. Бұл қаржы да зардап шеккен отбасыларға беріледі. Гуманитарлық көмек ретінде штаб қоймасына 270 тонна азық-түлік түсті, қазірге дейін соның 90 тоннасы елге таратылған. Қазір Өргебас, Нұрлы жол, Фирдоуси, Жеңіс елді мекендеріндегі су сорылып жатыр. Бұл жұмысқа ұзын-ырғасы 1365 адам, 75 мотопомпа, 44 қайық жұмылдырылған.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Абдулло Кулдошев те техногендік апат аймағында жұмыстар жүйелі атқарылып жатқанын атап өтті. Онда көрші елдің 300-ден астам маманы мен 186 техникасы жұмылдырылған.  "Оның ішінде құтқаруға арналған, инженерлік, су тасу, жүк көліктері бар. Қазіргі міндетіміз – коллекторларды тазарту, су тасыған жерлерді қалпына келтіру. 50-ден астам су тарту насосы күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Кеше 34 мың текше метр су шығарылды. Нәтижесінде Фирдоуси ауылында су деңгейі төмендеді. Біз аймақтағы төтенше жағдай аяқталғанша осында боламыз" деді Абдулло Кулдошев. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздығ денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау