Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мырзахметов мемлекетке 7 млрд теңге қайтарды

Антикор Абылай Мырзахметов ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарғанын хабарлады. 

Антикор
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр, деп мәлімдеді агенттік.

Қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И. Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды, – деп қосты ведомство.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елді дамыту мақсатында пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңызы зор. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше бақылауында тұр.

Жалпы, антикор биылғы жылдың басынан бері аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңге өтеді. Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш