USD
USD
USD

Мырзағали Айтжанов: Керек болса, төбелес дедім

Бокстан Токио Олимпиадасының жартылай финалында бақ сынайтын жалғыз қазақстандық боксшы қалды. Ол – Сәкен Бибосынов. Спортшының жеке бапкері Мырзағали Айтжанов ширек финалдық жекпе-жекті қорытындылап, алдағы кездесуге қатысты ойын айтты деп жазады Olympic.kz. 

Мырзағали Айтжанов: Керек болса, төбелес дедім
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Олимпиададағы әрбір жеңіс оңайлықпен келмейді. Кешегі жеңіс те үлкен күшті талап етті. Сәкен жүлдегер қатарында бар, бірақ, мұнымен тоқтамай, алға басу керек. Ширек финалдық кездесуде оның кішігірім қателіктері болды. Қолмен жұмыс істемей, бір орында тұрып қалды. Енді біз осы қателіктерді келесі жекпе-жекте жібермеуге тырысамыз.

Шаршы алаңды сезіну керек. Қай деңгейдегі боксшылар болса да, шаршы алаңға шыққанда барлығы да тең. Сондықтан, кез келген ел жеңіске жеткісі келеді. Кез келген жеңіс біз үшін мақтаныш. Екінші раундтан соң оны жігерлендіру керектігін түсіндім. Мұнда не үшін келгенін айттым. Бар күшімен ұрып, қолынан келгенін аянбауын сұрадым. Керек болса, төбелес дедім. Әр адамның бокстасу мәнері әртүрлі, егер қарсыласың «лас» ойын көрсетсе, оған да бейімделу керек. 

Сәкен келесі қарсыласын да таниды. Біз оған тыңғылықты дайындаламыз. Бәрін шаршы алаң көрсетеді», - деді Айтжанов. 

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау