USD
USD
USD

Мырзағали Айтжанов: Ертең шешуші сәтте барымызды саламыз

Токио шаршы алаңында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Cпортшының бапкері Мырзағали Айтжанов Olympic.kz сайтына жекпе-жек туралы айтып берді. 

Мырзағали Айтжанов: Ертең шешуші сәтте барымызды саламыз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бірінші кездесу болғаннан кейін әрдайым қиын болады. Оңай қарсылас жоқ. Қарсыласы да құрлықтан, Америка континентінен іріктеліп келген боксшы. Бірінші раунд барлау емес, бірден төбелеске ұласты. Екінші раундтан бастап Сәкен өзінің ойынын көрсетіп, аяқ-қолын, бойының ұзындығын пайдаланып, айтқанымызды істеп отырды. Нәтижесінде қарсы шабуыл жасап, жекпе-жекті жеңіп шықты.

Ендігі қарсыласы әлем чемпионатының қола жүлдегері франциялық спортшы. Онымен осы уақытқа дейін кездескенбіз. Ұттық та, ұтылдық та. Есеп 1:1. Ертең шешуші сәтте барымызды салатын кез келді», – дейді бапкер.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы дебюттік голын соқты

.

БҚО-дағы аурухана қатерлі ісікке шалдыққан науқастың отбасына 1,4 млн теңге өтемақы төлемек

Науқас

Байжансайдағы оқиға: депутат қамауға алынды

ү

ERG Бразилиядағы темір кені активтерін сатуға жақын – БАҚ

ERG