USD
USD
USD

Минск әуежайында аласапыран басталды

Минск әуежайында жүздеген жолаушы ұша алмай, жіпсіз байланып отыр.

Минск әуежайында аласапыран басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Арасында жазғы еңбек демалысын шетелде өткізуді бұрыннан жоспарлаған азаматтар көп. Осының алдында ЕуроОдақ Барселонаға баруы тиіс болған чартерді қабылдаудан бас тартты. Ұшақ кәрі құрлық аспанына өте алмай бірнеше сағат бойы ұшып жүрген. Диспетчерлер қанша өтінсе де, Францияның ұсынысы бойынша Польша әуе кеңістігін ашпай қойды. Бұған дейін Ұлыбритания, Швеция, Польша, Нидерланд, Германия, Австрия, Сигнапур және басқа да елдер Беларусь әуе компаниясының рейстерін қабылдамай, әуе байланысын үзді. Халықаралық қауымдастықтың ресми Минскіге қарсы шығуына Афинадан-Вильнюске бара жатқан ұшақты күштеп жерге қондыруы себеп. Лукашенконың жеке нұсқауы бойынша, әуеге жойғыш ұшақ та көтерілген.

Ресми мәліметке сәйкес, «Боингте» бомба болған, бірақ кейін ол ақпарат расталмады. Алайда, Беларусь барлау қызметі сол рейсте болған Лукашенконың саясатын ашық сынап жүрген белгілі журналист, ірі телеграм-каналдардың редакторы Роман Протасевичті қамауға алды.

«Белавиа» әуе компаниясының бас директоры Игорь Чергинец біздің экипаж бен диспетчерлер француз диспетчерлерімен байланысқа шығып: «Қандай себеп бар? Бізде бәрі дұрыс. 13:30-да ұшып шықтық қой» деді. Олар «Бізге Франция жоғары басшылығынан «Белавиа»-ны Францияның әуе кеңістігіне жібермеңіздер деген телефон қоңырауы түсті», – деп жауап берді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер