USD
USD
USD

Мінсіз қызметімен ерекшеленген полицейлер марапатталды

ІІМ-де Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай мінсіз қызметімен ерекшеленген полицейлер мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері марапатталды.

Мінсіз қызметімен ерекшеленген полицейлер марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Президенттің Жарлығымен ішкі істер органдарының 25 қызметкері мемлекеттік наградамен марапатталды. Сегіз басшы жоғары атақ – «генерал» шенін алды. Сондай-ақ ішкі істер министрінің бұйрығымен 820 қызметкер түрлі марапатқа ие болды.

«Ер азамат үшін Отан қорғаудан артық қасиетті міндет жоқ. Ата-бабамыз аманат етіп қалдырған жеріміз бен елдігімізді сақтау – біздің басты парызымыз. Бүгінде осы аманатты арқалаған ішкі істер органдарының қызметкерлері еліне аянбай еңбек етіп келеді. Олардың тынымсыз қызметіне Мемлекет басшысы да жоғары баға берді. Ол – адал еңбек пен антқа берік болудың жемісі», – деді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Марапатқа ие болғандардың қатарында ер адамды ажалдан аман алып қалған павлодарлық полиция қызметкерлері Данат Камалиев пен Бақытжан Мұхамбетов те бар. Қызмет барысында қауіпке бас тіккен қос жігітке «Ерлігі үшін» медалі табысталды.

«2022 жылдың наурыз айында біздің экипажға орын алған өрт туралы шақырту түсті. Оқиға орнында 2-қабаттағы пәтердің өртеніп жатқаны анықталды. Біз ол жерден есінен танып қалған азаматты шығардық. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырдық», – деді Павлодар қалалық патрульдік полиция батальонының инспекторы Данат Камалиев.

Қазір оқып жатыр

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер