USD
USD
USD

Мыңнан астам кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемей келген

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мыңнан астам кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемей келген
Фото: NEGE.kz
Алматы. NEGE. Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1069 кәсіпорнында 30,8 мың жұмыскер алдында 3,52 млрд теңге жалақы берешегі бар екенін анықтаған. Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуға міндетті 731 нұсқама беріліп, 97,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд теңге төленді. Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,9 мың тексеру жүргізді. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 6,1 мыңнан астам фактісі анықталып, 174,3 млн теңге айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

ТЖ

Израиль президенті Астанаға келді

ақорда

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов