Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

2026–2027 оқу жылы қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды түсіндірді. Ведомство мектептердің ата-аналарды форманы белгілі бір дүкеннен немесе нақты бір өндірушіден сатып алуға міндеттей алмайтынын еске салды.

оқушылар
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Министрліктің мәліметінше, ұлдар мен қыздарға арналған мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Оны таңдағанда оқушылардың жас ерекшелігі, климаттық жағдай, сабақ өтетін орын, мектеп ғимаратындағы температуралық режим және қауіпсіздік талаптары ескеріледі.

«Мектеп формасының пішімін білім беру ұйымы қамқоршылық кеңестің, ата-аналар комитетінің және мектептегі өзін-өзі басқару органдарының қатысуымен айқындайды. Ол жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. Мектеп формасына енгізілетін өзгерістер де аталған кеңестермен келісу арқылы қабылданады», деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Бұл ретте мектеп әкімшілігі ата-аналарды форманы белгілі бір дүкеннен немесе нақты өндірушіден сатып алуға міндеттей алмайды. Ата-аналар мектеп формасын кез келген сауда желісінен сатып алып, өндірушіні еркін таңдауға құқылы.

Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына мектепке дайындалу үшін мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Жалпыға бірдей білім беру қоры арқылы мектеп формасын, аяқ киім мен қажетті оқу құралдарын сатып алуға қаражат бөлінеді.

«2026–2027 оқу жылы қарсаңында мұндай қолдаумен 450 мыңға жуық баланы қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден шамамен 23 млрд теңге қарастырылған», делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ мектеп формасына қауіпсіздік талаптары қойылады. Киімде балаға жарақат келтіруі мүмкін фурнитура мен аксессуарлар болмауы тиіс. Білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген қағидаларға сәйкес оқу ғимаратының ішінде бас киіммен жүруге де жол берілмейді.

Оқу-ағарту министрлігі «Білім туралы» заңға сәйкес ата-аналар білім беру ұйымының жарғысында белгіленген қағидаларды және міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екенін еске салды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясына сәйкес дін мемлекеттен бөлек, ал білім беру ұйымдарындағы білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат