USD
USD
USD

Министрліктер мен әкімдіктердің сайты істемей қалды

Елімізде министрліктер мен әкімдіктердің сайты уақытша жұмыс істемей тұр. Бұл деректі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ы да растады. 

Министрліктер мен әкімдіктердің сайты істемей қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың интернет ресурстары бірыңғай платформасы жобасының дұрыс жұмыс істемеуін жою жұмысы жүргізіліп жатыр. Ақауды жою үшін жұмыс істеудеміз. Уақытша қолайсыздық келтіргеніміз үшін кешірім сұраймыз», - делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 2020 жылдың 24 маусымында 17 министрлік, 48 комитет және 10 жергілікті атқарушы орган интернет ресурстардың бірыңғай платформасына (МО ИРБП) көшкен болатын. Осылайша, МО ИРБП мемлекеттік органдардың барлық сайттарын біріктіріп, ақпарат алу мен өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай терезесіне айналды.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік