Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Министрлік жауабы: Соңғы қоңырау келесі оқу жылында 25 мамырға қайта ауыса ма?

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен Баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова журналистердің сауалдарына жауап берді. 

Министрлік жауабы: Соңғы қоңырау келесі оқу жылында 25 мамырға қайта ауыса ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вице-министрге NEGE тілшісі «соңғы қоңырау келесі оқу жылында 25 мамырға қайтарыла ма?» деген сұрақ қойды. 

«Оқу жылын өткізуге қатысты сұрақтар шешілген. 31 мамырда оқу жылы аяқталады. Бұл бойынша шешімдер нақты қабылданды», - деп жауап берді Шолпан Каринова. 

Оқу жылының соңында салтанатты жиындар өткізу дәстүрі сақталады.

«Мектептер салтанатты жиын өткізу туралы шешімді өз бетінше қабылдайды. Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырауларды өткізу бойынша мектептің барлық дәстүрлерін қолдайды. Министрліктің нормативтік құқықтық актілерінде мұндай іс-шара бұрын болмаған, қазір де жоқ екенін атап өтемін. Бұл ретте ведомство соңғы қоңырауларды биыл 1 маусымда Балаларды қорғау күнін мерекелеу форматында және іс-шара шеңберінде өткізуді ұсынады», - деді вице-министр. 

Жалпы орта білім беру туралы аттестатты 11-сынып түлектеріне тапсыру салтанатын өз мектептерінің қабырғасында 20-22 маусымда өткізу ұсынылды.

Спикердің айтуынша, 9-сынып оқушыларына арналған қорытынды мектеп бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында, 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығында өтеді. Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттау 28 маусымға дейін жалғасады. Колледждерді биыл 144 мыңнан астам түлек аяқтауда. Дипломдарды тапсыру салтанатын 28 маусым мен 1 шілде аралығында өткізу ұсынылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Көрімдік берудің жаңа тәсілі: Aitu-да дәстүрге арналған аударымдар пайда болады

 Aitu

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы