USD
USD
USD

Министрлік түнде аспаннан зиянды зат шашылады деген ақпаратқа жауап берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бүгін түнгі сағат 2:00-де ауаға зиянды зат шашылады деген сыңайда ақпарат тарап жатыр.

Министрлік түнде аспаннан зиянды зат шашылады деген ақпаратқа жауап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлім етті.

Аталған хабарламада «Бүгін сағат түнгі 2-де ауаға бірдеңе шашады, бұл жолы кішкентай балаларға әсер ететін нәрсе екен. 3 күн бойы балаларыңызды далаға шығармаңыздар» делінген.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мәлімет таратты.

«Құрметті халайық, сіздерден әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөзге жүгінулеріңізді сұраймыз. Барлық расталған ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады» делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік көрінеу жалған ақпарат таратқан адамдардың ҚР ҚК 274-бабы - «Көрінеу жалған ақапарат тарату» бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салды. ⠀

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылға жетеді – Энергетика министрлігі

Көмір

Екі төреші Қазақстан Премьер-лигасының матчтарынан уақытша шеттетілді

Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова

Желіде жағымсыз пікір қалдыру жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін – Бас прокуратура

Смартфон

Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді

жол апаты