Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Министрлік паспортқа неліктен чип жапсырылатынын түсіндірді

Еліміздің көші-қон қызметі төлқұжатта чиптің қандай мақсатпен қойылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік паспортқа неліктен чип жапсырылатынын түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  «Көші-қон қызметі қазақстандық төлқұжаттағы чипке қатысты түсінік берді. Оған Instagram желісінде тараған видео себеп болды. Бейнежазбада паспорттағы чиптің азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға арналғаны айтылады»,- деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің айтуынша, электрондық төлқұжат әлемнің көптеген елдерінде енгізілген.

«Қазақстанда төлқұжаттар мен микросхемасы бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Ондағы чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекара бекетінен өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген», - дейді ол.

Сондай-ақ, брифингте төлқұжаттағы чип азамат шекарадан өткен кезде ғана арнайы құрылғының көмегімен тексерілетіні айтылды.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи