USD
USD
USD

Министрлік лицензиясынан айырмақ

Қазақстанда бес бірдей жоғары оқу орнының лицензиясы уақытша тоқтатылды. Аталмыш оқу орындарының материалдық базасы көңіл көншітпейді, білікті мұғалімдердің саны талапқа сай емес. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

Министрлік лицензиясынан айырмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Көп заңбұзушылықтар бар. Біліктілік талабына сәйкес келетін мұғалімдер саны аз, жоғары оқу орнының материалдық базасы да ескірген, сабақ беруде  заңбұзушылық бар. Сапалы білім алу үшін бұл мәселелерді тиімді жолмен шешуді заңды тұрғыда қолға алмақпыз», – деді министр.

Бұл бес жоғары оқу орнына бұған дейін де министрлік тарапынан ескерту жасалған. Алайда, университеттер сыннан нәтиже шығармаған. Министрліктің ескертуіне құлақ аспаған 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынып, бір университеттің ісі сотта қаралмақ. Жыл соңына дейін аталған ведомство тағы 12 университетті тексермекші. Егер олқылықтар анықталса,   бірден лицензиялары тоқтатылады. Жалпы, мұғалімдерді даярлайтын, бірақ сапасы сын көтермейтін оқу орындарының саны алдағы уақытта 85-тен 20-25-ке дейін қысқартылуға жоспарланып отыр. Сондай-ақ, министрлік жұмысына салғырт қарайтын оқу орындарының лицензиясын қайтаруға заңға да өзгеріс енгізбек.

 

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

ақорда

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?

жанабыловтар