Министрлік қытайлық БАҚ таратқан мәліметке жауап берді
Қытайдың кейбір ақпарат құралдарында Қазақстандағы пневмонияның «белгісіз» түрінен көз жұмып жатқандардың көп екендігі туралы айтылды. Бұдан кейін Қазақстандағы Қытай елшілігі осындағы өз азаматтарын сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырғанын Nege.kz порталы тәптіштеп жазған еді. Бүгін таңертең Денсаулық сақтау министрлігі Фэйсбуктегі парақшасында жауап беріпті.
-
Тақырыпқа орай: «Қазақстандағы «белгісіз пневмония» коронавирустан да қауіпті»
Алматы, NEGE. Яғни, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін ресми мәлімдеді.
«Кейбір Қытай БАҚ-тарында Қазақстанда коронавирусқа қарағанда көп өлім белгісіз пневмония жағдайларынан болып жатыр деген ақпарат таралуда. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.
ДДҰ АХЖ-10 халықаралық аурулардың жіктемесін, оның ішінде пневмония үшін кодтар енгізгенін, атап өткен жөн, егер КВИ клиникалық немесе эпидемиологиялық тұрғыдан диагностикаланған жағдайда, мысалы «матового стекла» синдромы яғни өкпенің қабынуы диагностикаланған, бірақ зертханалық зерттеуде расталмаған жағдайлар. Қазақстан осыған байланысты әлемнің басқа елдері сияқты осындай пневмонияны есепке алу және мониторингтеу жұмыстарын жүргізуде, бұл сырқаттанушылықты және коронавирустық инфекцияның таралуын тұрақтандыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
⠀
9 шілде күні Денсаулық сақтау министрі А. Цой пневмония бойынша жалпы елдегі санды айтты: жалпы алғанда: бактерия, зең, вирус түрлері, соның ішінде АХЖ-10 жіктемесіне сәйкес «вирусты пневмония, этиологиясы анықталмаған пневмония» бар екенін атап өтті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.
Алайда, Қытайдың аты дардай БАҚ көздері мұндай ақпаратты қандай негізге сүйеніп жазды? «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды». Министрліктен бұл мәселеге байланысты тұшымды жауап күтеміз.