USD
USD
USD

Министрлік кімдерге рақымшылық жасалатынын түсіндірді

  Ішкі істер министрлігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған рақымшылыққа кімдердің ілінетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрлік кімдерге рақымшылық жасалатынын түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметіне сүйенсек, мәжілістің қарауына түскен заң жобасында алғаш рет «әлеуметтік жағынан осал адамдар» ұғымы енгізіліп отыр.

Осы құжатта қылмыстық теріс қылық жасаған және залал келтіруге әкеп соқпаған, не оны толық өтеген азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін аса ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыс жасаған азаматтарды жазадан босату ұсынылып отыр. Сондай-ақ негізгі жазаның мерзімі мен мөлшерін қысқарту қарастырылған.

«Аталған топтағы адамдардың залалды толық өтеуі, сондай-ақ осы заң қолданысқа енгізілген күні жазасын өтеуге бір жылдан аспайтын уақыт аралығында теріс мінез-құлық көрсептеуі ескеріледі», – дейді комитет мамандары.

Ал жергілікті атқарушы органдар еңбекке қабілетті адамдарды жұмысқа орналастыруға қол ұшын береді. Түрмеден шыққандарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетіледі.

Айта кетері, педофилдерге, жемқорларға, адам өлтіргендер мен экстремистерге, қылмыстық топтардың қатысушыларына рақымшылық жасалмайды.

Өткен аптада мәжіліс депутаттары «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қарауға кірісті.

«Заң жобасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ізгілік қағидаты негізінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде отырған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жазадан және қылмыстық жауаптылықтан босатуға, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін қысқартуға бағытталған», – дейді депутат Қожахметов

Қазір оқып жатыр

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Маңғыстау

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

Аяжан

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Ит

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қылмыстық топ