USD
USD
USD

Министрлік: Қазақстанда қант тапшылығы жоқ

Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың жеткілікті екенін айтып, тек тұрақтандыру қорынан сұраныстың жоғары екендігін жеткізді. Ал шектеулі мөлшерде сатылуына алыпсатарлардың себеп болғанын қоса кетті.

Министрлік: Қазақстанда қант тапшылығы жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрлік алыпсатарлардан сақтану үшін қанттың қарапайым тұрғындарға шектеулі мөлшерде саудаланып жатқанын түсіндірді. Сонымен қатар, нарықтық бағамен қант барлық сауда орындарында еркін, қол жетімді екенін айтты.

Ведомство отандық қант зауыттарында тәтті құм өндірісі үздіксіз жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Маусым айында олар 38 мың тонна өнім өндірген. Облыс әкімдіктерінің мәліметінше, республикадағы қант қоры 26 мың тоннадан асады.

“Азық-түлік корпорациясы ішкі нарыққа қант жеткізуді жүзеге асырады. Өңірлерге қант жеткізуді жедел ұйымдастыру мақсатында министрлік мүдделі тараптармен бірлесіп Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен ақ қанттың, шикі құрақ қантының жүктерін кедергісіз өткізуді жүзеге асырады”,- деді министрліктің баспасөз хатшысы Дамир Егізбев.  

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу