USD
USD
USD

Министрлік: картоп пен сәбіз арзандады

Елімізде картоп пен сәбіз бағасы арзандады.

Министрлік: картоп пен сәбіз арзандады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы екі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,5 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев мәлім етті.

«Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,9 пайызға өсті. Ішкі нарықта отандық өнімдердің көбеюі есебінен соңғы екі аптада бағалар 0,5 пайызға төмендеді. Атап айтқанда, ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп бағасы 34 пайызға немесе 71 теңгеге, ал сәбіз 41 пайызға немесе 122 теңгеге төмендеді. Сонымен қатар, соңғы апталарда қырыққабат 0,4 пайызға, пияз 0,1 пайызға арзандады», - деді Е.Қазанбаев. Оның айтуынша, бағаның ең жоғары өсімі 11,6% Түркістан облысында, 11,3% – Қызылорда облысында және 11,3% – Қостанай облысында тіркелді. Ең төмен өсім 9,5% – Алматы қаласында, 9,6% – Алматы облысында және 9,7% – Қарағанды облысында белгіленді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді

Қазақстанда 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары мен мүшелері ұсталды

Есірткі қылмысы

Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында өрт шықты

Атырау мұнай өңдеу зауыты