USD
USD
USD

Министрлік қақтығыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева Қордай ауданындағы қақтығыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. 

Министрлік қақтығыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Алматыда бес ота жасалды. Бір науқас аппаратқа жалғанды. Қалалық орталық ауруханаға өздері келгендері де бар, олардың көзіне бірдеңе кіріп кеткен. Қордай аудандық ауруханасында бес науқасқа ішіне, аяқ-қол тамырларына, басына ота жасалды және мен осыған дейін айтқанымдай, екі адамға ота жасалғанына қарамастан, алған жарақатына байланысты қайтыс болды", – деді Ләззат Ақтаева. Оның айтуынша, барлық азаматтарға толық көлемде көмек көрсетіледі екен. 

"Бүгін Қордай аудандық орталық ауруханасынжа 28 науқас жатыр, оның бесеуі жазылып шығады. Бес науқас Алматыға жіберіледі, 18-і АОА-да қала береді, оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр", – деді ол. 

Сондай-ақ, вице-министр Қырғызстандағы науқастар туралы: "Қазір онда министрдің орынбасары Қамалжан Надыров жүр. Онда науқастарды жеткізу үшін бес бригада жөнелтілді. 25 науқас Қырғызстан ауруханаларына жүгінген, 15 адам амбулаториялық ем қабылдап жатыр, ал 10 адам стационарларда жатыр", – деді Ақтаева. 

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Қақтығыстан кейін 39 адам ауруханада жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт