USD
USD
USD

Министрлік: Fokker-100 ұшақтарының ұшуы тоқтатылды

Бүгін таңғы сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуе компаниясының  Fokker 100 ұшағының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айрылып, Алматы облысы аумағындағы Гүлдала елді мекеніне құлаған. 

Министрлік: Fokker-100 ұшақтарының ұшуы тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұшақта шамамен 95-98 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Апат болған жерге жедел жәрдемнің 40 бригадасы жетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, 9 адам қаза тапса, 12 адам (4 бала) №4 ауруханаға жеткізілді. 

Премьер-министрдің орынбасары бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаевтың айтуынша, министр Бейбіт Атамқұлов апат болған жерге ұшып кетті. 

«Оқиғаның мән-жайы анықталғанға дейін Бек Эйр әуе компаниясы ұшақтарының ұшуы уақытша тоқтатылды. Себебі, әуе компаниясының паркі Fokker-100 ұшақтарынан тұрады. Әзірге қолға алған шара осы»,  – деді баспасөз хатшысы. 

Қазір оқып жатыр

Астанада полиция формасымен видео түсірген блогер Justice Adilet ұсталды

Әділет Қаликеев

Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы көз жұмды

Жедел жәрдем

Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ – Энергетика министрлігі

Бензин, дизель

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов