USD
USD
USD

Министрлік байлыққа салық енгізу жоспарын мәлімдеді

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі ұсыныстың егжей-тегжейін ашып, байлық салығын енгізу жоспары туралы айтты.

Министрлік байлыққа салық енгізу жоспарын мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Қаржы министрлігі байлыққа салық салу мәселесі ҚР Ұлттық экономика министрлігі сайтында пысықталатынын түсіндірді.

«Негізінен, құны жоғары люкс модельді автокөлік құралдарына, мысалы, Aston Martin, Bentley, Ferrari, Lamborghini, Maserati (белгіленген тізбе бойынша), оның құнына (белгіленген шектен жоғары) және шығарылған жылына қарай көлік құралдары салығының мөлшерлемелеріне коэффициенттер енгізу жолымен және тіркеу алымының мөлшерлемесін арттыру арқылы жоғары салық салу мәселесін қарау ұсынылады. Бұл ретте мұндай автокөліктер бойынша барлық жеңілдік алып тасталуы тиіс», – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, қымбат заттар ретінде республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында, курорттық аймақтарда орналасқан ұшақтардың жекелеген сыныптарын, яхталарды және жылжымайтын мүлікті қосу жоспарланған.

Сонымен қатар, аумаққа байланысты, мысалы, ауданы 300 шаршы метрден асатын пәтерлер, тұрғын үйлер, 400 шаршы метрден асатын саяжайларға байланысты мүлік салығын арттыру коэффициенттерін енгізу жоспарланады.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов