USD
USD
USD

Министрлік Алматыда бірінші сынып оқушысы зорланды деген мектепті тексереді

Білім және ғылым министрлігінен жоғары лауазымды шенеуніктер Алматыға ұшып келеді. Олар жекеменшік мектепте зорланды деген бірінші сынып оқушысының оқиғасын зерттейді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті.

Министрлік Алматыда бірінші сынып оқушысы зорланды деген мектепті тексереді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ведомство мәліметінше, мектепке комитет төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен Білім және ғылым министрлігі басшысының балалар құқығы жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Раиса Шер барады.

"Бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстаймыз. Бүгін профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін жеке ұйымға тексеріс тағайындаймыз. Оқушының отбасына барып, қажетті көмек көрсетеміз. Балаға психологиялық көмек те көрсетіледі.

Тергеу нәтижесіне қарай шаралар қабылданады. Сараптама нәтижесін күтеміз. Құқық қорғау органдарымен байланыста боламыз", - деді Иманғалиев.

Ведомство мәліметі бойынша, полиция тергеу жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық әрекеті жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалған.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев