USD
USD
USD

Министрлік 3 000 000 маска сатып алып жатыр

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 3 миллионнан аса түрлі медициналық маска сатып алып жатыр. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты.

Министрлік 3 000 000 маска сатып алып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бекшиннің сөзінше, ел ауруханаларында қажетті дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдары жеткілікті. 

«Ауруханаларға әртүрлі медициналық маскаларды дереу сатып алып жатырмыз – 2,5 миллион қарапайым медициналық маска, 1,3 миллион респираторлық маска, бір реттік және кәсіби костюмдер, сондай-ақ диагностикалық аппаратураның шығын материалдары. Ауыр науқастарды тасымалдау үшін 30 капсула мен қашықтықтағы термометрия үшін қосымша 33 жылуға ден қойғыш құрал сатып алынады», – деді Бекшин. 

Оның айтуынша, министрлік дәке таңғыштарды жаппай өндіру үшін отандық өндірушілерге өтініш жасаған.

«Екіншіден, ЖРВИ симптомдарын анықтау үшін түрлі диагностика амалдары бар. Оның үстіне, ДДСҰ-мен келістік, алып тастау әдісі бойынша істеп жатырмыз. Егер тұмау мен ЖРВИ анықталмаса, әрі қарай диагностикадан өткізу үшін анализдерді ДДСҰ орталықтарына жібереміз, сондай-ақ сынамаларды диагностикадан өткізу үшін Ресейге жіберу туралы келісім бар», – деді елдің бас санитар дәрігері.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

.