USD
USD
USD

Министрлер қандай вакцина салдыртып жатыр?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой министрлер мен парламент депутаттары қалай екпе алып жатқаны туралы айтты.

Министрлер қандай вакцина салдыртып жатыр?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министріне "барлық министрлер мен депутаттар екпе салдыртты ма, бәрі бірдей салдыртса, онда олар қай вакцинаны таңдады" деген сұрақ қойылды.

Менде нақты деректер жоқ, бұл жеке деректер. Бірақ жалпы алғанда біз әртүрлі вакциналар таңдалып жатқанын білеміз. Біреуге QazVac вакцинасы салынған, біреуі "Sputnik V-ні "алды. Енді Хаят Вакспен екпе салдырту мүмкіндігі туып жатыр. Мұндай нақты таңдау жоқ, министрлер де қатардағы өздеріңізбен бірдей азаматтар, - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі.

Ол қазір мемлекеттік қызметкерлері арасында вакциналау белсенді жүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда барлық вакциналар тиімді және қауіпсіз.

Денсаулық сақтау министрінің өзі отандық вакцинаның алғашқы дозасын 26 сәуірде қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy