USD
USD
USD

Министр зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі бар адамдарды атады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты түсінік берді.

Министр зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі бар адамдарды атады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біріншіден, жұмыс істеген әрі жұмыс істеп жүрген біздің азаматтар, яғни Бірыңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтардың жиналған сомасы «жеткіліктің шегінен» асып жатса. Мақсат оның бәрін таратып беру емес, оның қажетті бір бөлігі қалуы тиіс. Одан асқан ақшаны азаматтар өз еркімен жоғары мақсаттарға пайдалануға мүмкігідігі бар. Мұндай азаматтардың саны 530 мың адамға жетіп отыр», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, екіншісі - зейнет жасына жеткен кісілер. Егер де оларда жинақтаушы қорында қаражаттары бар болса, ол кісілер сол қаражаттың 50 пайызына дейін алады. Бұндай адамдардың саны 178 мыңнан асады.

«Үшіншіден, зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар. Мұндай елімізде 13,3 мың адам бар. Осылайша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігін 721 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады», - деді Нұрымбетов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы