USD
USD
USD

Министр: Түркістан облысы директор мен мұғалім қарым-қатынасының антирейтингінде көш бастап тұр

    ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысына сапарын қорытындылады.

Министр: Түркістан облысы директор мен мұғалім қарым-қатынасының антирейтингінде көш бастап тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Түркістан облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткіздім. Халықты көбіне жүйелі мәселелер емес, жергілікті білім беру қызметкерлері мен атқарушы органдардың ден қойып, назар аударуын қажет ететін жеке мәселелер толғандыратынын байқадым. Сонымен қатар сот шешімдерінің апелляциясына және еңбек дауларына қатысты да сұрақтар айтылды», – деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында. Министр үш сағат бойы 500-ден астам тұрғынның сауалына берген.

«Облыс тұрғындарымен кездесуде аудандық бөлімдер мен облыстық білім басқармаларының оқу-ағарту министрлігіне бағынуының маңызы, директорларды ротациялау, мектептердегі педагог-ассистенттер санын көбейту мәселесі сөз болды. Одан бөлек, колледждерді бейінді министрліктің тікелей басқаруына беру, мектептер мен балабақшаларды жабдықтау үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырудың жетіспеушілігі туралы айтылды», – дейді ол. Сондай-ақ, ведомство басшысы аталған өңірге тән басты мәселені атады. «Көптеген сұрақ облыстағы мұғалімдер мен мектеп директорларының қарым-қатынасына қатысты болды. Мұндай антирейтингте Түркістан облысы республика бойынша «көшбасшы» саналатынын атап өткім келеді. Білім бөлімдері мен білім беру ұйымының басшылары осы бағытта тиісті жұмыс жүргізуі қажет», – деді А. Аймағамбетов.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызға белгіленді

Сайлау туралы заң

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-әкім Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын көрсетті

Жақсылық Омар

Теңге әлемдегі долларға қатысты нығайған валюталар бестігіне енді

теңге

Маңғыстауда жеке клиникада МӘМС бойынша емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған

МӘМС