USD
USD
USD

Аймағамбетов мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін жария етті

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін жария етті.

Аймағамбетов мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін жария етті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Білім және ғылым министрі жаңа ережелер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға әрі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында арнайы дайындалғанын айтты.

"Енді педагогтерді жұмысқа қабылдау жаңа форматта конкурс және нақты критерийлер бойынша жүзеге асатын болады. Айта кеткен жөн, аталған өзгерістер мұғалімдерді жұмысқа орналастыру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықты жоюға және жұмысқа қабылдау кезінде меритократия қағидаларын қамтамасыз етуге бағытталған", - деді министр.

Сондай-ақ, министр мұғалімдерді жұмысқа қабылдау бұрынғыдай мектеп директорының таңдауы бойынша емес, арнайы байқау арқылы өтетінін айтты.

Бұған дейін нақты ереже болған жоқ, яғни мектеп директоры кімді және қандай көрсеткіштер бойынша жұмысқа қабылдау керектігі туралы өзі шешетін. Бірқатар аймақта сағаттар санын дұрыс бөлмей, үш-төрт мұғалім бір ставкаға қабылданған жағдайлар тіркелді. Мұндай жағдайлар қандай себептерге байланысты орын алатынын болжау қиын емес. Бұдан былай білім беру ұйымдары барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізетін болады. Бұл шағын жинақты мектептерге қатысты емес. Байқауға біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін мұғалімдер қатысады.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі