USD
USD
USD

Министр оқушылар арасындағы бұзақылық пен өлім фактілеріне байланысты мәлімдеме жасады

Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев елімізде мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылық пен өлім-жітім оқиғаларының көбеюі туралы пікір білдірді. 

Министр оқушылар арасындағы бұзақылық пен өлім фактілеріне байланысты мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысындағы 2-сынып оқушының өлімі: Іс жазатайым оқиға ретінде тіркелді

Министр өзінің Facebook парақшасында зорлық-зомбылық фактілері мектеп жасындағы жасөспірімдер арасында жиілеп кеткенін атап өтті.

“Соңғы жылдары мектеп оқушылары арасында зорлық-зомбылық, әлімжеттік көбейген.Түркістан, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында орын алған оқиға ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Алматы облысында соңғы рет екі бала қайтыс болды. Мен қайғылы оқиға болған отбасына шын жүректен көңіл айтамын", – деді министр. 

Бейсембаев әлімжеттікке жол беруге болмайтынын алға тартты. Ол үшін қоғам болып жұмылдыруымыз керек екенін жеткізді. 

"Тәрбие жұмысы мен ата-аналар қауымымен өзара іс-қимылды күшейту жөнінде тапсырма бердім. Біз Ішкі істер министрімен және әкімдікпен байланыстамыз. Құқық қорғау органдары оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, комиссия жұмыс істеуде", – деп қосты ол.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе