USD
USD
USD

Министр медбикелерді кәсіби мерекемен құттықтады

 Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министр медбикелерді кәсіби мерекемен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сіздер атқарып отырған жұмыс  қайырымдылық, мейірімділік пен гуманизмге негізделген. Бұл қасиеттер ақ халат киген әрбір маманға үлкен жауапкершілік жүктейді. Әлемдегі медицина қызметкерлерінің жартысынан көбі медбике және олар денсаулық сақтау жүйесінде өмірлік маңызды қызмет атқарады. Көбіңіз осы мамандыққа әбден бейімделіп алдыңыз. Жалпы, науқасты емдеу ісінде мейірбикелердің еңбегі өте маңызды. Олар адам денсаулығына қауіп төндіретін эпидемия, пандемиямен күресте де алдыңғы қатарда тұрды. Бүкіл әлемдегі медбикелер COVID-19-ға қасқайып қарсы шықты. Еліміздегі мейірбикелер мен мейіргерлерге министрліктің атынан алғыс білдіремін!», – деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.