USD
USD
USD

Министр Мағзұм Мырзағалиев отбасымен азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды?

Энергетика министрі азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын айтты. 

Министр Мағзұм Мырзағалиев отбасымен азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев отбасымен азық-түлікке бір айда қанша ақша жұмсайтынын айтты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сенат отырысында министрден отбасының азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын сұрады. 

"Неге бұл мәселе журналистерді сонша қызықтыратынын түсінбеймін. Біз де қарапайым адамдар сияқты өмір сүреміз. Басқа отбасылармен бірдей ақша жұмсаймыз деп ойлаймын. Әрине, бір айға 50 мың теңгеге азық-түлік алмаймыз. Біздің отбасы айына 200 мың теңгедей ақша жұмсайды",  – деп жауап берді Мағзұм Мирзағалиев.

Гүлшара Әбдіқалықова қанша жалақы алатынын айтты
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы белгілі болды
Министр өзі де дүкенге баратынын, азық-түлік бағасының қымбаттағанын байқағанын айтты. 

Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиев 7 қарашада 43 жасқа толды. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, оның бес баласы бар

Қазір оқып жатыр

Мамандар Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын кешенді тексеруге кірісті

тексеру

Тараздағы зауыттағы оқиғадан кейін «Қазақмыс» ресми түсініктеме берді

Қазақмыс

Интернеттің жаппай өшірілуі қазақстандықтардың ақпарат алу құқығын шектемей ме?

Интернет

«Болашақ» талапқа сай келмейтін 340 адамға 7,7 млрд теңге шәкіртақы төлеген

шәкіртақы