USD
USD
USD

Министр: Көмір тапшылығы болмауы тиіс

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов әкімдіктермен бірлесіп халыққа арналған көмірді ертерек сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Министр: Көмір тапшылығы болмауы тиіс
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2020-2021 жылғы жылыту маусымына дайындық мақсатында министрлік әкімдіктерге барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала нысандарын және тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау үшін жұмыс жоспарын жіберді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлер бойынша ай сайынғы қажеттілікті көрсете отырып, коммуналдық-тұрмыстық мақсатқа және халыққа арналған көмірдің қажеттілік жоспары жасалды. Жалпы, жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Көмір тапшылығы болмауы тиіс», - деді министр Үкімет отырысында.

Қыркүйек-қараша айларында ел дүрлікпеуі үшін әкімдіктермен бірлесіп халыққа арналған көмірді ертерек сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Биыл оқу жылы басталғанға дейін 10 мыңдай білім беру объектісін дайындау жоспарланған. Денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлердің дайындығына баса назар аударылады. 6 мыңдай денсаулық сақтау нысаны мен 47 мың тұрғын үйді дайындау көзделген», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова

Алматыда жаңадан төселген тротуар опырылып түсті

Опырылған тротуар

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева