Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Министр: ҚазҰУ жер учаскесінің азаю фактісі расталды

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жер учаскесінің 0,779 гектарға азаю фактісі расталды.Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жауабында айтылды.

Министр: ҚазҰУ жер учаскесінің азаю фактісі расталды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жер телімін түзетуге қатысты пост жариялағаннан кейін, тез арада министрліктің жұмыс тобы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, баяндалған барлық фактілерді тексеруді бастады. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша ҚазҰУ жер учаскесінің 0,779 гектарға азаю фактісі расталды», – деді ол. Асхат Аймағамбетовтің атап өтуінше, осыған байланысты жер учаскелерін басқару бөлігінде ҚазҰУ қызметін толыққанды зерттеу мақсатында министрлік кешенді тексеру жүргізуді көздеген. «Алайда, осы жылғы наурызда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚазҰУ-ға аудит бастауына байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеріс жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар 2021 жылғы 10 ақпаннан бастап ҚазҰУ-ға жаңа басшылық тағайындағанын атап өткен жөн», – деді министр.

Қазір оқып жатыр

ІІМ жүргізушілерге жаппай келіп жатқан айыппұлдарға қатысты мәлімдеме жасады

 Айыппұлдар

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан

Шымкентте қызды алып қашу ісі бойынша екі күдікті қамауға алынды

Заң