USD
USD
USD

Министр: Қазақстанда 353 мәдениет нысаны жетіспейді

Елімізде 353 мәдениет нысаны жетіспейді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.

Министр: Қазақстанда 353 мәдениет нысаны жетіспейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, бүгінде республика өңірлерінде 353 мәдениет нысаны, оның ішінде 127 мәдениет үйі, 113 кітапхана, 85 ауылдық клуб, 10 театр, 8 музей, 2 концерт залы және 2 мәдени-демалыс ұйымдары жетіспейді. Сонымен қатар, жүргізілген талдау мәдениет нысандарын оңтайландыруға байланысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан мәдениет саласындағы ғимараттарды қысқарту үрдісі жүріп жатқанын көрсетеді», – деді министр,

Министрдің айтуынша, өңірлерде мәдениет ұйымдарын жаппай біріктіру/қосу бойынша тәжірибе барлық жерде қолданылады. Сол арқылы тұрғындардың мәдени құндылықтарға қолжетімділігі, әсіресе моноқалалар мен ауылдық жерлерде шектеліп отыр.

«Жергілікті атқарушы органдарға тұрғындарға мәдениет ұйымдарының, әсіресе ауылдағы қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында моноқалалардағы, аудандық және ауылдық деңгейдегі мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі мемлекеттік нормативтерін сақтау ұсынылады. Өз кезегінде, мәдениет ұйымдарының қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жастар тұлғасының дамуына оң әсерін тигізеді. Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтенуі мен шығармашылық әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді», – деді Ақтоты Райымқұлова.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға