USD
USD
USD

Министр Каспий құбыр консорциумындағы апатты жөндеу жұмыстары туралы айтты

  Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы апатқа түсініктеме берді.

Министр Каспий құбыр консорциумындағы апатты жөндеу жұмыстары туралы айтты
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Оның айтуынша, КТК-дағы жөндеу жұмыстары әзірге басталған жоқ. Бұл ауа райына байланысты.  

«Қазіргі таңда КТК 60 пайыздық қуатта жұмыс істеп тұр, айтарлықтай шығын жоқ. Алайда егер жөндеу мамыр айынан кейін де жалғасатын болса, онда шығындар айына 1 миллион тонна жетуі мүмкін», – деді Болат Ақшолақов. Министрдің атап өтуінше, қазір Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы квотаны ұлғайту бойынша келісімдер бар және қосымша вагон-цистерналар табылған.

Сондай-ақ, министр «Біз күн сайын өз әріптестерімізбен байланыста болуға тырысамыз. Әзірге ресейлік әріптестеріміз ауа райының қолайсыздығына байланысты жөндеу бригадалары су астына түсе алмай жатқанын хабардар етті. Біз 15 сәуірге дейін күтеміз. Одан кейін өз әріптестерімізді жіберіп, мәселені анықтайтын боламыз», – деп мәлімдеді Энергетика министрі. 

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков