USD
USD
USD

Министр Қарашөкеев кей азық-түлік өндірісін 100 пайызға жеткізбек

ҚР Ауыл шаруашылылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2025 жылға қарай өндіріс көлемі 100 пайызға жеткізілетін азық-түлік түрлерін атады. 
Министр Қарашөкеев кей азық-түлік өндірісін 100 пайызға жеткізбек
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. «Импортты алмастыру жөніндегі іс-шараларға келетін болсақ, ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілу 80 және одан да көп пайызды құрайды», - деді министр бүгін Үкімет отырысында.

Оның атап өтуінше, азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейін сақтаудың және арттырудың маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында азық-түлік тауарлары өндірісінің көлемін кемінде 80 пайызға, құс етін – 100, шұжық өнімдерін – 100, ірімшік және сүзбені – 100, алманы – 100, балықты – 100 және қантты 80 пайызға арттыру үшін инвестициялық жобаларды іске асыру басталды.

«Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі олардың уақытылы және сапалы орындалуы үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды», - деді Ербол Қарашөкеев.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті