USD
USD
USD

Министр: Аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің табысы артады

Аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің табысы артады.

Министр: Аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің табысы артады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін Мәжісітің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді. Депутаттар тиісті заң жобасын бірінші оқылымда қарап, құжатқа қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Заң жобасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жерді пайдалану, оны сату мен жалға беру салықтары түсетін болады. Бұл қаражат кезек күттірмейтін шығындарды өтеуге жұмсалады. Елді мекендердің бюджетін бекіту де жеңілдейді. Кенттерде әкім аппаратының резерві құрылады. Сондай-ақ жергілікті мәслихат сессиясы төрағасының қызметі жойылып, оның өкілеттігі мәслихат хатшысына беріледі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жергілікті атқарушы органдар бюджетін тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, ауылдық округтердің табысы ұлғайғанымен, жауапкершілігі жеңілдемейді. Атқамінерлер бюджет қаражатына мұқият болуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс

Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салды

мұнай компаниясы

Қазақстанда тағы үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Банкир

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі