USD
USD
USD

Министр Атамқұлов тұрғын үй бағасына болжамын айтты

  «Хабар» телеарнасындағы «Ұлт мүддесі» бағдарламасында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй бағасының қалай өзгеретініне болжамын білдірді. 

Министр Атамқұлов тұрғын үй бағасына болжамын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Менің болжамым бойынша, жаңадан қолданысқа берілуі тиіс шаршы метрлер қазіргі сұранысты қанағаттандырып, бағалар тұрақтанады», - деді Бейбіт Атамқұлов. Сондай-ақ, министр құрылыс саласында жұмыс күші неліктен жетпей жатқанын түсіндірді. «Краншылар, дәнекерлеушілер жетпей жатыр. Жұмыс істеп жүрген жастардың, екі қолға бір күрек сұрап жүрген еңбекке жарамды халықтың көп екеніне қарамастан, құрылыс саласында вакансиялар бар. Парадокс десе де болады. Қазір Білім және ғылым министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Құрылыс саласындағы қауымдастықтармен бірге нарыққа қажет жұмысшы мамандықтардың тізімін түзіп шықтық», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол заман талабы инженерлік мамандықтарды тартымды ете бастағанын еске салды. «Бүгінгі таңда кейбір жұмысшы мамандықтардың жалақысы жоғары. Сонда да маман табу қиын. Яғни, келешекте инженерлік мамандықтарға баратын жастардың буыны өсіп келе жатыр деген сөз. Қазірдің өзінде жоғары оқу орындарының түлектері қарапайым жұмысшы ретінде еңбек етіп жүрген бағыттар бар», - деді Бейбіт Атамқұлов. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу

Аида Балаева Президентке халықтың тұрмыс сапасы жөнінде есеп берді

Тоқаев, Балаева

Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның сотында журналистерді сыртынан қамап қойған

Әділетхан Молдахан

Блогер Шайхтың миллион теңгеге сатылған бизнес-турлары тексеріліп жатыр

Еркежан Шайхиева