USD
USD
USD

Министр: Астанада жаңаөзендік мұнайшылар дүрбелең туғызу үшін ереуілге шықты

Астанада жаңаөзендік мұнайшылар дүрбелең туғызу үшін ереуілге шықты, деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Министр: Астанада жаңаөзендік мұнайшылар дүрбелең туғызу үшін ереуілге шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл пикет арнайы ұйымдастырылған. Адамдар ұйықтайтын қаптармен, шатырлармен келді, яғни олардың мақсаты өздеріне назар аудару болды. Бұл жерде олардың ниеті түзу екені айтылады. Менің түсінігімде бұл жұрттың назарын аудару, дүрліктіру әрекеті, мемлекеттік органның қызметіне кедергі жасаумен байланысты екені анық. Біздің қызметкерлеріміз жұмыстарына кіре алмады. Біз диалогқа қашан да ашықпыз», - деді Алмасадам Сәтқалиев. 

Оның сөзінше көтерілген бірнеше талаптың ішінде «Өзмұнайгаз» кәсіпорнына жұмысқа тұрғызып беру және бұған дейін өткен тендердің күшін жою талаптары қойылған.

«Жалпы, олармен диалог ұйымдастырылды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері болды. Энергетика министрлігінің департамент директорлары болды. Олар диалогке кіріскен жоқ, бірақ сол маңда ахуалды бақылап, адамдармен сөйлесті, талаптарын нақтылады. Қазір біз ресми ұстаным әзірлеп жатырмыз», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Журналистер Энергетика министрлігі неге ғимаратта түнеуге рұқсат бермегенін сұрады.

«Көшеде ұйықтау - халықтың таңдауы. Жергілікті атқарушы органдардың қандай жұмыс атқарғанын білмейсіздер. Жергілікті әкімдік, «Өзмұнайгаз» қандай жұмыс істеді. Егер адамдардың мүддесі туралы айтсақ, онда біз оларды мүмкіндігінше қорғадық. Біз оларға бұдан жаман емес ұсыныс жасадық. Жұмыспен қамтамасыз етуді ұсындық», - деді министр. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов