USD
USD
USD

Министр АЭС салуға Балқаш көлінің аумағы оңтайлы екенін айтты

Энергетика министрі Болат Ақшолақов арнайы брифингте Алматы облысы Үлкен ауылы маңындағы Балқаш көліне жақын жерден АЭС салу қаншалықты қауіпсіз екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр АЭС салуға Балқаш көлінің аумағы оңтайлы екенін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, Қазақстанның барлық өңірінде сейсмикалық қауіп бар. Бұл мәліметтер 2006 жылы алынған.

- Тіпті, тауы жоқ өңірлерді алалық, мысалы Батыс Қазақстанда техногендік сейсмикалық қауіп бар, өйткені мұнда мұнай мен газ өндірісі жүріп жатыр, сондай-ақ ол арада тектоникалық плиталар бар. Олардың қозғалып кету мүмкіндігін ешкім жоққа шығара алмайды. АЭС-тың орналасу орнын таңдау кезінде климат, судың болуы ескеріледі. Осының барлығын қорытындылай келе, біз болашақта атом электр станциясын орналасуына Балқаш көлінің ауданы неғұрлым оңтайлы болып табылады деп есептедік, дейді Болат Ақшолақов.

Алдын ала ақпарат бойынша, Балқаштағы су атом реакторларын салқындату үшін пайдаланылатын болады

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция