USD
USD
USD

Министр Ресейдің бензинге қатысты өтініші туралы мәлімдеме жасады

Қазақстанға Ресейден бензин жеткізуге қатысты ресми сұраныс түспеген. Бұл туралы Үкімет кулуарында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Министрдің айтуынша, Ресей тарапы Қазақстаннан бензин жеткізу туралы ресми өтініш жолдамаған. Журналистер мұндай өтініш алдағы уақытта түссе, Қазақстанның ұстанымы қандай болатынын сұрады. Ақкенженов әрбір өтініш жеке қаралатынын айтты.

«Егер сұраныс болса, қараймыз», – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, министр Қарашығанақ кен орнында газ өндіру көлемі уақытша қысқарғанын хабарлады. Оның айтуынша, өндіріс тәулігіне 34 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін азайған. Осыған байланысты газ қабылдау көлемі де төмендеген.

«Өндірісті тәулігіне 34 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін қысқартуға мәжбүр болдық. Қысқару көлемі – 9 мың тонна. Соған сәйкес газ қабылдау да азайды. Бірақ бұл Қазақстанның газбен қамтамасыз етілуіне әсер еткен жоқ. Қазіргі таңда елді газбен жабдықтау тұрақты, отын толық көлемде жеткізіліп жатыр», – деді Ерлан Ақкенженов.

Айта кетейік, бұған дейін Reuters агенттігі Украина дрондарының Ресей мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдарынан кейін бұл елде жанармай тапшылығы күшейгенін және Мәскеу Қазақстаннан шамамен 50 мың тонна АИ-92 бензинін импорттау мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмақ па: Спорт министрлігі жауап берді

Бибісара Асаубаева

Бектенов халықтың нақты табысы неге төмендегенін айтты

Мәжіліс

«77 адамға 1,8 млрд теңге шығын келтірген»: күдікті Қырғызстаннан жеткізілді

экстрадиция

Нұрлан Сабуров Молдованың «қара тізіміне» енді

Нұрлан Сабуров