USD
USD
USD

Министр, мұғалім, ақын және экс-прокурор: ОСК «Әділеттің» партиялық тізімін тіркеді

Бүгін, 21 шілде күні Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясынан Құрылтай  сайлауына қатысатын кандидаттардың партиялық тізімін тіркеді. Партиялық тізімде 186 кандидат бар. 

Аманат медиа
Фото: Аманат медиа

Астана, NEGE. Жалпы, партияның кандидаттар тізімінде 72 әйел және 114 ер адам бар.

Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас. Олардың арасында – заңгер, ғалым, кәсіпкер, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет пен қоғамдық саланың өкілдері бар.

Айта кетейік, «Әділет» партиясы 2026 жылы 1 маусымда заңнамаға сәйкес ресми тіркеуден өтіп, артынша Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Ал 10 шілдеде өткен кезектен тыс III съезде партия 186 кандидаттан тұратын партиялық тізімін жариялап, сайлауалды бағдарламасын көпшілікке таныстырды. 

Осылайша, «Әділет» партиясы биыл алғаш рет Құрылтай сайлауына қатыспақ. Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтеді.

Қазір оқып жатыр

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері